ҚОС САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕГІ САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Кілт сөздер:
салық жүйесі, салық құқығы, қос салық,Аңдатпа
Мақалада салықтық жеңілдіктер туралы мол мәлімет беріледі.Жалпыәлемдік салықтық глобализация процесінде маңызды байланыстырушы тізбек болып белгілі бір мемлекеттің сыртқыэкономикалық қызметіндегі салық салуды реттейтін салық жүйесінің бір бөлігінің қызмет етуі мен оны дамыту табылады. Теория мен тәжірибеде бұл бөлім «халықаралық салық салу» деп аталады. Д.Ю. Мельник халықаралық салық салуға мынандай анықтама береді: «Әрбір жекелеген мемлекеттің заңнамалық және басқа да нормативтік ережелердің, сондай-ақ құқық қолданушы тәжірибелердің комлексі танылады. Халықаралық, яғни, мемлекетаралық қатынастар деңгейінде белгіленетін салық салу әлі жоқ.Көпшілік жағдайларда салықтық келісімшарттар жаңа салықтық ережелер орнатпайды, олар мемлекеттермен белгіленген ережелерді шектеп қана қояды.Сонымен, халықаралық салық салу ретінде, халықаралық жеке құқықтағысияқты, мемлекеттердің шетел элементі қатысуымен жүзеге асатын салық құқығы танылады». А.В. Брызгалин өзінің «Салықтар мен салық құқығы» атты еңбегінде «халықаралық салық салуды» «антисалық салуға» қарсы қояды және де мазмұны бойынша «халықаралық қос салық салумен» теңестіреді.
Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ҚОС САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ШАРАСЫ РЕТІНДЕГІ САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 42(4-5). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/575
