Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҚ) және көші- қон үдерістерін реттеу мәселелері
Кілт сөздер:
ҰШҚҰ, халықаралық көші- қон, Орталық Азия, ынтымақтастық,Аңдатпа
Көші- қон мәселесі Орталық Азия аймағындағы тәуелсіз мемлекеттердің 20 жылдан аса уақыт бойы өзара қарым қатынастарындағы түйіткілді сала болып табылады. Посткеңестік кеңістіктегі көші- қон үдерісінің көлемі айрықша дағдарыс кезеңдерінде шамалы бәсеңдегенімен, жағымды динамикада өсуде. Орталық Азия аймағындағы мемлекеттер үшін еңбек көші- қоны негізгі трендке айналуына байланысты, олар көші- қон алмасудың белсенді және тұрақты қатысушылары болып табылады. Осы орайда, көші- қон үрдістерін тек ұлттық қана емес, сонымен қатар аймақтық деңгейде, аймақтық және халықаралық ұйымдардың қатысуымен координациялау қажет болып отыр. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҚ), көші- қон мәселесі басым болып табылатын аймақта жұмыс істейтін ұйымдардың бірі. Бұл Орталық Азия аймағындағы заңсыз көші- қон мәселелерімен қатар қауіпсіздік контексті және еңбек миграциясы үшін де, аймақтың тұрақты да орнықты дамуы үшін де тең дәрежеде маңызды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҚ) және көші- қон үдерістерін реттеу мәселелері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 67(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/573
