Халықаралық қайшылықтар контекстіндегі Еуропалық Одақ пен Ресейдің мүдделер стратегиялары (Балқан және Украина дағдарыстарының факторы)
Кілт сөздер:
ЕО– Ресей, геосаясат және мүдделер стратегиясы, балқандық және украиндық фактор, қауiпсiздiк,Аңдатпа
Соңғы екі он жылдықта ЕО пен Ресей қарым- қатынастары шарықтау мен құлдыраудың бірнеше кезеңдерін бастан өткізген болатын. Қазіргі кезде екі жақты қарым- қатынастар өткір шиеленіске түсіп отыр. Екі тарап арасындағы әріптестікке КСРО ыдырауынан кейін пайда болған көптеген мәселелер әсерін тигізіп отырды. Еуропалық Одақ Ресейде тиімді демократия мен құқықтық мемлекеттің және тұрақтылық зонасының жылдам құрылатындығына үміттенген болатын. Ресей болса ЕО-пен өзара әрекеттестіктен қарқынды экономикалық даму мен Үлкен Еуропада өзіне сай орын алатындығын күткен еді. Мақалада ЕО пен РФ қатынастарына сыртқы дағдарыстардың әсері және олардың мүдделері мен стратегиялық бұрылыстарына ерекше назар бөлінеді. Ресейдің дәстүрлі одақтастары болып келген Балқан түбегінің мемлекеттері, биполярлық дәуірдің аяқаталуынан кейін, тұрақсыздық жайлаған аймақтардың біріне айналып, ЕО пен РФ арасындағы қарама- қайшылықтар мен қақтығыстардың көрініс табуында өз рөлін атқарған болатын. Украинадағы қазіргі қақтығыс та, екі жақты саяси қарым- қатынастар мен халықаралық қатынастарға едәуір әсерін тигізуде. Осы орайда, екі тарап стратегиялық еуропалық- ресейлік әріптестікті жалғастырып, шиеленістен шығуға шамасы келе ме деген сұрақ әлі де ашық қалып отыр.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Халықаралық қайшылықтар контекстіндегі Еуропалық Одақ пен Ресейдің мүдделер стратегиялары (Балқан және Украина дағдарыстарының факторы). (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 67(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/572
