Қазақстанда исламдық банкинг жүйесін жүзеге асыру және оны құқықтық реттеу

Авторлар

  • Zh. Т. Sairambayeva
  • М. А. Sadyrbayeva

Кілт сөздер:

исламдық банкинг жүйесі, ислам қаржы институттары, ислам құқығының нормалары мен қағидалары, исламдық қаржыландыру, ислам қаржы құралдары,

Аңдатпа

Бұл мақалада исламдық банкинг жөнінде заңды әзірлеудің тарихи аспектілері, Қазақстанның азаматтық заңнамасына сәйкес исламдық банкинг өнімдерін дайындау қағидалары қарастырылып, құқықтық реттелуі қазақстандық заңнамамен қарастырылған исламдық банкингтің негізгі өнімдеріне анықтама беріледі. Исламдық банкинг шеңберінде лизингтік операцияларды, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларын және т.б. жүзеге асыру үшін өзіндік талаптары көрсетілген, шариат кеңесінің Қазақстан заңнамасы бойынша исламдық банкингті жүзеге асыру барысындағы қызметіне сипаттама және құқықтық негіздемелер беріледі. Мақалада исламдық банкингтің негізгі өнімдері сипатталады, ислам банктері қызметін құқықтық реттеудің, ислам банктері қызметі үшін Қазақстанда құқықтық база құрудың даму келешегі мен бірқатар мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, мақала Қазақстандағы исламдық банкинг институтын әрі қарай өркендету қадамдарын зерделеуге арналған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений