Көші- қон үрдістері мен тұрақты даму: негізгі байланыстар мен кемшіліктерді талдау
Кілт сөздер:
тұрақты даму, халықаралық көші- қон, ақша аударымдары, мигранттардың құқықтары,Аңдатпа
Көші- қон үрдістері жаһандану мен тұрақты даму мәселесінде жаңа көрініске ие болып отыр. Көші-қон мен тұрақты даму арасындағы өзара байланыс – заманауи академиялық көші- қон дискурсындағы жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі. Екі үдеріс арасындағы негізгі байланыс халықаралық мигранттардың құқық рөлінің артуынан, қабылдаушы мемлекеттер экономикасы үшін ақша аударымдарының рөлінен және мигранттардың реципиент- мемлекеттер дамуына қосқан үлесінен көрініс табады. Бұл элементтердің барлығы көші- қон мен тұрақты даму арасындағы байланысты анықтаушы құрылымның маңызды бөліктері болып табылады. Көші-қон мен тұрақты даму арасындағы байланысты позитивті болжамдармен талдау – ең перспективті талдау жолы, себебі, осы көріністе жаһандану жағдайындағы көші- қон үрдістері жіберуші де, қабылдаушы да мемлекеттерге төніп тұрған қауіп-қатер ретінде емес, дамытуға қосылған үлес ретінде саналады. Ал бұл байланыстар тұрақтылығының жетіспеушілігі кемшілікке жатады және оны қайта ой елегінен өткізіп түзету қажет.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Көші- қон үрдістері мен тұрақты даму: негізгі байланыстар мен кемшіліктерді талдау. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 67(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/567
