Ауғанстандағы Германдық миссияның кейбір нәтижелері туралы: 2014 жыл

Авторлар

  • М. Sh. Gubaidullina
  • А. М. Mamedaliyeva

Кілт сөздер:

Ауғанстан, Германия, Бундесвердің миссиясы,

Аңдатпа

2014 жылы Бундесвердің Ауғанстандағы миссиясына 13 жыл толады да, үстіміздегі жылдың 5
ақпанындағы Германия үкіметінің баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, осы елдегі германдық
әскери араласу жақын арада тамамдалмақ. Саны 4 мыңға жететін неміс әскерін 2015 жылдың
басына қарай толығымен шығаружоспарлануда. Бұл саны жағынан алғанда АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі үшінші әскери контингент. Ауғанстан территориясындағы неміс қарулы күштерінің іс-қимылдары мен аталған елдегі созылып кеткен қақтығысты бейбіт реттеуге қатысуы, Германияның салыстырмалы түрде жаңа қабілеті, яғни өз бетімен де, НАТО әріптестерімен бірлесіп те, дағдарыс орын  алған әрі шалғайда жатқан аймақтарда әрекет ету потенциялының дәлелі болып табылады. Орталық Азиядағы қауіпсіздік жүйесі едәуір деңгейде Ауғанстандағы жағдайдың дамуына тәуелді болып келеді. Сондықтан, жақын арада, аймақтағы жағдай үшін жауапкершілік, Орталық Азия мемлекеттерінің өздеріне жүктеледі. Осы орайда, Қазақстан үшін Ауғанстан мен аймақтың геосаясаты үшін «жауапты» мемлекеттермен қарым-қатынастарда икемді сыртқы саяси стратегия қажет болады.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений