Қазақстан мен Венгрияның ынтымақтастығының болашағы
Кілт сөздер:
Қазақстан, Еуропалық Одақ, сыртқы саясат, серіктестік, көпжақты ынтымақтастық,Аңдатпа
Қазақстан Республикасының көпвекторлы сыртқы саясатында еуропалық елдермен ынтымақтастық екі жақты және көпжақты деңгейде Еуроодақ, ЕҚЫҰ, НАТО және тағы басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық аясында дамып келеді. Венгрия екі жақты және көп жақты ынтымақтастықта маңызды рөл атқарып қана қоймай, аймақтық ынтымақтастықты дамытуда ол екі елдің мүмкіндіктерін ашады. Бұл мақалада Қазақстан мен Венгрияның саяси диалог саласындағы, парламентаралықынтымақтастықтағы, сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдениет пен білім, қауіпсіздік мәселелері және басқа салалар жөніндегі ынтымақтастықтарының негізгі бағыттары қарастырылады. Мақалада екі ел ынтымақтастығының мүмкіндіктері талдана келе, ынтымақтастыққа кедергі келтіретін факторлар қарастырылған және оның жаңа бағыттарын дамыту жөніндегі ұсыныстар берілген.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстан мен Венгрияның ынтымақтастығының болашағы. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 67(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/562
