Құқықтық гармонизация мен унификацияның арақатынасы
Кілт сөздер:
унификация, гармонизация, құқықтық норма, ұлттық заңнама, мемелекет, құқықтық жүйе,Аңдатпа
Бұл мақалада автор «унификация» мен гармонизациянға» анықтама беруге тырысқан, олардың нысандары мен әдіс-тәсілдерін қарастырған. Унификация да, гармонизация да зерттелуі мен қолданылуы жағынан біраз уақытты алса да тікелей реттеу саласы мен бағытына қарамастан әлі күнге дейін ортақ анықтама жоқ. Осы саланы зерттеушілердің көзқарастары әр-түрлі болғанымен, олар ұсынған тұжырымдар біркелкі болып келетінін байқауға болады. Сонымен қатар осы мақалада «унификация» мен «гармонизацияның» арақатынасы туралы түрлі көзқарастар талдаудан өткізілген
