Қазақстандық және француздық заңнамасы бойынша адвокатураның құқықтық мәртебесі
Кілт сөздер:
адвокат, құқықтық мәртебе, білікті заң көмегі, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия, қорғану құқығы, адвокаттар алқасы, EFB, CRFPA, CAPA, Ұлттық кеңес, адвокаттар палатасы, декрет,Аңдатпа
Осы мақалада адвокатураның қазақстандық және француздық заңнама бойынша құқықтық мәртебесі қарастырылған. Адвокатура институтын реттеу мәселелерінде қазақстандық және француздық заңнаманың жетістіктері атап өтілген. Адвокаттар қызметінің нормативтік регламенттеу ерекшеліктері салыстырмалы тұрғыда сарапталған. Жұмыста адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерлерге қойылған талаптарды сараптауға ерекше көңіл бөлінген. Француз Республикасы және Қазақстан Республикасындағы адвокаттарды кәсіби даярлау регламенттеу мәселелерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар атап өтілген. Мақалада жоғарғы оқу орындарынан кейін болашақ француздық адвокаттарды даярлауға толық сараптама жасалған, адвокаттар алқасының кәсіби білім беру мектептері мен кәсіби білім беру аймақтық орталықтарының қызметтері зерттелген. Адвокаттардың кәсіби этика нормаларын сақтау мәселелері бойынша Франция және Қазақстан заңнамасына сараптама жасалған. Адвокаттық құпия нормаларын сақтау мәселелерінде француздық тәжірибені ескеру қажеттігі атап өтілген. Оған қоса, адвокатура институтын реттеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілген.
