Жүктердің халықаралық автокөлік тасымалындағы көпжақты келісімдер
Кілт сөздер:
жүктердің халықаралық автокөлік тасымалы, ЖХШК, ДОПОГ, ТБТҚ, ХЖТ Конвенциясы,Аңдатпа
Бұл мақалада халықаралық автокөлік тасымалының түсінігі және оны құқықтық реттеудің ерекшеліктері көрсетілген. Автор халықаралық автокөлік жүк тасымалы саласындағы 1956 жылғы Жүктердiң халықаралық жол тасымалы шарты туралы конвенциясы, 1976 жылғы Халықаралық тез бүлінетін тамақ өнімдерін тасымалдау туралы және осы тасымалдауларға арналған арнайы көліктік құралдары туралы келісім, 1975 жылғы ХЖТ кiтапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясы, 1969 жылғы Халықаралық жолдармен қауіпті жүктерді тасымалдау туралы Конвенциясы сияқты басты көпжақты келісімдерді жете қарастырып, ережелерін талдап, көрсетілген актілердің кемшіліктерін айқындайды. Мақалада сондай-ақ «жүкқұжат» – басты тасмымалдау құжатының түсінігі беріліп, оны құрастырудың міндетті және қосымша талаптары қарастырылған.
