Бала асырап алу институттарын халықаралық-құқықтық реттеудің негізгі аспектілері

Авторлар

  • S. N. Sabikenov
  • А. А. Abdraimova

Кілт сөздер:

сәби, балалар, асырап алу, қамқоршы, жетім-бала, бала құқығын қорғау, бағып-қағушы, баланың әлеуметтік бейімделуі, жанұя, шетелдік асырап алу, Қазақстан,

Аңдатпа

Қазіргі таңдағы әлеуметтік-демографиялық жағдай әлемдегі отбасы және балалық шақ институттарының көпшілік алдындағы маңыздылығы өршуде, осыған орай заң шығарушы органдарда құқықтық қорғау жүйесін сәйкестендіру қажеттілігі туындайды. Сондай-ақ қазақстандық балалардың көпшілігі шетел азаматтарымен асырап алынғаны мәлім.
Қоғамның ең қорғансыз және осал сатысы – бала, мемлекеттік қорғаудың ең маңызды механизмі ретінде жетім балаларды орналастырудың түрі – шетелдік асырап алу болып табылады.                 Бұл институт балалардың мүддесінің жағында болуы қажет және дипломатиялық ойынның тетігі ретіндежұмысын атқармай барынша бала құқығын қорғауына тиісті. Бірақ-та шетелдік асырап алу тәжірибесі шетел мемлекеттеріндегі жетім-балалар құқықтарының бұзылуының жаңа айғақтарын әлемге көрсетуде. Бала асырап алу мен бала құқығына қатысты бір қатар халықаралық Конвенцияларға қарамастан, шешімін қажет ететін көптеген мәселелер туындайды. Осы зерттеуімізде мемлекетаралық дауларды реттеуде қолданылатын құқықпен байланысты, шетел азаматтарының Қазақстаннан балаларды асырап алуы кезінде көтерілетін  мәселелер мазмұндалған. Біз, алдыңғы қатарлы мемлекеттер тәжірибесіне сүйене отырып, халықаралық және ұлттық заңнамалардағы кемшіліктерді шешудің жаңа жолын ұсынамыз.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений