ТМД-ның Үкіметаралық Ассамблеясы бірегейлендірудің механизмі ретінде
Кілт сөздер:
Үкіметаралық Ассамблеясы, ТМД, бірегейлендіру, үйлестіру, модельді заннамалық акт,Аңдатпа
Бұл мақалада еркін сауда үшін кедергілер мен тосқауылдарды жою барысындағы, мемлекеттердің интеграциялану процесіндегі ТМД қатысушыларының Үкіметаралық Ассамблеясының рөлі мен қызметі қаралған. Ерекше көңіл Үкіметаралық Ассамблеясының қызметінің басты бағыты ретіндегі ТМД мемлекеттерінің заннамасының үйлестіруі мен бірегейлендіруі механизміне берілген. Халықаралық кұкықтық актілердің анализі негізінде ТМД-ның мемлекетаралық органы ретіндегі Үкіметаралық Ассамблеясының құқықтық мәртебесінің ерекшілектері айқындалды, заңнаманы бірегейлендіру бойынша (модельді сауда кодексі, модельді кеден кодекстерінің) негізінде модельді заңнамалық актілердің рөлі зерттелді. Автор, ТМД Үкіметаралық Ассамблеясының нормативті құжаттарында «бірегейлендіру» мен «жақындау» терминдерін синоним ретінде қолданып, олардың арасында ешқандай айырмашылық келтірмейтіні туралы тоқтамға келген. Сондай-ақ үйлестіру термині бұл құжаттарда мүлдем қолданылмайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
ТМД-ның Үкіметаралық Ассамблеясы бірегейлендірудің механизмі ретінде. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 66(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/548
