Еуропалық Кеңес шеңберіндегі адам құқықтарын қорғаудың заңды механизмі: жан-жақты талдау
Кілт сөздер:
Адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенция, Адам құқықтарын қорғау бойынша Еуропалық жүйе, Адам құқықтары, Адам құқықтары бойынша Еуропалық сот,Аңдатпа
Бұл мақаланың басты мақсаты – Еуропалық Кеңес жүйесінде басым маңыздылыққа ие Адам құқықтары
мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропалық конвенцияға, оның негізінде құрылған бақылаушы (сот) механизміне және Қазақстанның бұл ұйымға мүше болып кірген жағдайдағы мүмкін перспективаларына талдау жасап, нормативтік мазмұнын ашу болып табылады. Сондай-ақ, мақалада адам құқықтары мен бостандықтарының оларды адам құқықтары туралы халықаралық пактілер мен факультативтік хаттамалар сияқты басқа халықаралық келісім-шарттарда бекітілген құқықтық қорғау аясындағы жетістіктерінен елеулі түрде ерекшелейтін тұстарына аса көңіл бөлінген.
