Әлемнің тұрақты даму идеясы қалыптасуының кейбір халықаралық-құқықтық қырлары

Авторлар

  • М. Kurmangali
  • А. Uryngaliyeva

Кілт сөздер:

тұрақты даму, экологияның қазіргі заманғы проблемалары, XXI ғ. әлеуметтік-экономикалық даму, ашық және демократиялық басқаруға адам құқығы,

Аңдатпа

Мақалада әлемнің тұрақты даму идеясы қалыптасуының кейбір халықаралық-құқықтық қырлары
қарастырылады. «Sustainable development» термині орыс тіліне қате аударылғандығына қарамастан, тұрақты даму идеясы көптеген мемлекеттерден қолдау тапты. Қазіргі кезде ол әлемдік дамудың әмбебап қағидасы ретінде қалыптасып, халықаралық қатынастарға өте үлкен әсер етуде. Мемлекеттер тиісті міндеттемелері мен халықаралық ұйымдар органдарының шешімдерінің жалпы сипаттамасы түрінде авторлармен осы идея дамуының (1972, 1982, 1987, 1992, 2002, 2012 жж.) негізгі кезеңдері белгіленген. Тұрақты даму идеясын бекітіп, оны дамытатын ауқымды халықаралық құжаттар мазмұнын талдаудан туындайтын қорытындылардың бірі – экологиялық проблемалармен халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті, бостандықты және адам құқықтарын қамтамасыз ету арасындағы нақты белгіленген байланысты білген жөн. Сонымен қатар, тұрақты даму проблемаларымен барлық деңгейде тиімді қызмет атқаратын, транспарентті, халық алдында жауапты, демократиялық билік және басқару институттарын құру арасындағы тығыз байланысты түсіну қажет.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений