Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың маңызды факторы ретіндегі тұрақты даму мәселелері
Кілт сөздер:
тұрақты даму, табиғат қорларын тиімді пайдалану, тұрақты даму көрсеткіштері, БҰҰ және ЕО-ң тұрақты даму бойынша бағдарламалары,Аңдатпа
Бүгінгі таңда жаhандық экономикалық дағдарыс, этносаралық қақтығыстар, экологиялық апаттар және
адамның табиғи қорларды тиімді пайдаланбауы әсерінен әлем тұрақсыздыққа ұшырады. Табиғи алапаттардың қоршаған ортаға тигізетін келеңсіз ықпалынан өзге, анторопогендік және техногенді құбылыстар да кері әсерін тигізеді, бұл болашақ ұрпақтардың сәтті дамуына қауіп-қатер төндіреді. Сол себепті бүгінгі қоғамның абзал міндеті анторопогендік және техногенді сипаттағы құбылыстардың оңтайлы шешім жолдарын іздестіру, сонымен қатар ұзақ мерзімді тұрақты даму жетістігіне қолжеткізу болып табылады.
Тәуелсiз сарапшылар үшiн тұрақты даму мәселелері өмiрлiк маңызы бар және өзектілердің бірі болып табылады, себебi қазіргі кезде дүниежүзiлiк қауымдастық кедейлiк пен халық тығызыдығы, ауа райының өзгеруі, сонымен қатар табиғи қорларды тиiмдi үлестіру мәселесіндегі көптеген мемлекеттердің қабiлетсiздiгі т. б. сияқты келеңсіз құбылыстарға кезiгуде.
