Қазақстан Жапон қатынастары – экономикалық даму кепілі
Кілт сөздер:
Қазақстан, Жапония, инвестиция, экономикалық қатынастар, шикізат көздері,Аңдатпа
Мақала Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық қатынастарға арналған. Екі ел арасындағы экономика саласындағы 1992 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі 22 жыл ішіндегі жетістіктер мен әлі де шешімін таба алмай отырған мәселелер кеңінен талданған. Еларалық экономикалық саяси қатынастардың жаңа стратегиялық әріптестік сатысына көтерілгендігі дәлел тауып олардың екі ел үшін де маңыздылығы көрсетілген. Қазақстан мен Жапонияның ел басшыларының, ведомстволар, министрліктер басшыларының сапарлары барысында қол жеткізілген келісімдерге сараптама жасалған. Сонымен қатар көптеген жаһандық мәселелер бойынша екі елдің көзқарастарының ұқсастығы көрсетіліп, әлемде экономикалық дамыған елдер ішінде үшінші орынға ие болып отырған Күншығыс елінің біздің республикамыздың дамуына септігінің маңыздылығы қарастырылған
