Орталық Азиядағы экологиялық қауіптер және оның аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығына әсері
Кілт сөздер:
экология, қоршаған орта, қауіпсіздік, ынтымақтастық,Аңдатпа
XXI ғасырда Орталық Азияның экологиялық мәселелері аймақ шеңберінен шығып, әлемдік қауымдастыққа үнқату үстінде. Осы экологиялық мәселелер халықаралық деңгейде бірнеше рет көтерілді және әлі де көтеріліп жатыр, сондай-ақ осы мәселелер халықаралық ұйымдардың күн тәртібіне енгізілгені баршаға аян. Бүгінгі күні, экологиялық қауіпсіздіктің алып тұжырымдамалары халықаралық саясаттың кейбір салаларында нақты қадамдар жасауды және тиімді шешімдер табуды қажет етеді. Кеңестік дәуірде Орталық Азия аймағының жерлері өндіріс үшін көптеп пайдаланылды. Дегенмен, кеңестік жетекшіліктің осы және өзге де саясаттары дұрыс бағытта іске асырылған жоқ. Себебі бұл саясат тек экономикалық пайда табуды ғана көздеген болатын. Осының салдарынан Орталық Азия аймағы үлкен зардап шекті. Аймақ және оның тұрғындары әлі күнге дейін осы саясаттардың келесідей залалдарын көруде: қоршаған орта жағдайының нашарлауы, ауыз суының жетіспеушілігі, ауа-райының ластануы және денсаулықтың нашарлауы. Осыған орай, Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары аймақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аймақ халықтарының мүддесін қанағаттандыру мақсатында ынтымақтасу жолдарын іздеуде.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Орталық Азиядағы экологиялық қауіптер және оның аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығына әсері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 66(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/531
