Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасындағы энергетикалық фактордың маңыздылығы

Авторлар

  • А. B. Kuzembayeva

Кілт сөздер:

қазақстандық-американдық қарым-қатынастар, энергетикалық қауіпсіздік, ынтымақтастық,

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық-американдық ынтымақтастықтың стратегиялық серіктестік деңгейіне өтуімен екі жақты диалогтың жаңа мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін айқындау тұрғысынан экономикалық қарым-қатынастар мазмұнының сипаты ашылып, даму үдерісі қарастырылған. Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың энергия қорлары саласындағы ықпалдастығының кейбір жетістіктері мен мәселелеріне талдау жасалған. Энергетика ресурстарын дамыту мен әртараптандыру бойынша Қазақстанның АҚШ жоспарында алатын орны ерекше және және бұл келесідей факторлармен негізделген: республика дамуының тұрақтылығы мен болжамдылығы, ықтимал инвестициялық климат, экономикалық өсуі, көп жақты және прагматикалық көзқарасқа негізделген сыртқы саясат, демократиялық үдерістердің оңды серпінділікпен дамуы. Қазіргі таңда Қазақстан – АҚШ қарым-қатынастары әлемдік саясаттың түйінді мәселелері бойынша ұстанған бағыттарының, сондай-ақ ықпалдастықтың басым салаларындағы ұзақ мерзімдік ұлттық мүдделерінің жақындығымен ерекшеленетіндігі атап өтіледі.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений