Солтүстік Корея түбегіндегі ядролық карудан еркін аймақ қалыптастыру проблемасы

Авторлар

  • D. Y. Yerlanova Казахский университет международных отношений и мировых языков им. Абылай хана, факультет международных отношений, Казахстан, г.Алматы

Кілт сөздер:

КХДР, ядролық дағдарыс, ядролық қаруды таратпау тұралы келісім, ядролық саясат, халықаралық қауіпсіздік,

Аңдатпа

Бұл мақалада қазіргі кезеңдегі өзекті мәселердің бірі Солтүстік Кореяның ядролық проблемасы қарастырылған. Көрсетілген мәселе өңір елдері үшін ғана емес халықаралық көшбасшы елдері үшін де өзекті талқылаудың пәні болып табылады. Бүгінгі таңда ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халықаралық қауымдастық үшін ең басты міндет болып табылады. Адамзаттың келесі ғасырға қалай (ядролық және ядросыз) аяқ басары осы мәселенің шешіміне байланысты. КХДР саяси өміріндегі соңғы оқиғалар бірінші кезекте жаңа көшбасшы Кым Чен Ынның өз беделін әкесінің жолдастары арасында бекіту мақсатымен байланысты және бұл әлемде толқулар туғызып отыр. Себебі әлемдік қауымдастық үшін КХДР ядролық бағдарламасы қауіп төндіріп, бұл ядролық қару таратпау халықаралық режимін бұзу, сонымен бірге басқа елдерге ядролық технологияларды экспорттаумен байланысты. Сонымен қатар, бұл Солтүстік-Шығыс Азия өңірі үшін тұрақсыздық болуына әсер етеді, аймақтағы жағдайдың ушығуына алып келді. Оңтүстік Корея мен Жапония үшін тікелей қауіп төндіреді.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений