Қазақстанның ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық жауапкершілігі: Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары
Кілт сөздер:
Ядролық қауіпсіздік, Қазақстан бастамалары, конвенциялар, ядролық қарусыздану, халықаралық қауымдастық, саммиттер, қаруды тараптпау мәселелері,Аңдатпа
Мақалада Қазақстанның ядролық қауіпсіздік мәселесіндегі бағыты қарастырылады. Ядролық қарусыздандыру саласында Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын сараптау мысалында әлемдік қауымдастықпен мойындалған антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретіндегі еліміздің басымды рөлінің негіздері көрсетілген. Мақалада ядролық полигонды жабудан бастап жаһандық форумдардың қатысушысы ретінде ұсынылатын бастамаларына дейін, ядролық қаруды таратпау саласындағы саясатты жүзеге асыру бой-ынша Қазақстанның нақты қадамдары толыққанды көрсетілген. Бастамаларын қолдау бойынша ғылыми қауымдастықтың қызметіне айрықша көңіл бөлінген.
