Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріндегі этносаяси қақтығыстар проблемасы (Нигериядағы қақтығыс мысалында)
Кілт сөздер:
Африка, этносаяси қақтығыстар, азаматтық соғыс, Нигерия, Биафра, отаршылдық саясат, Батыс мемлекеттері, Британия,Аңдатпа
Бұл мақалада постколониалдық кезеңдегі Нигериядағы азаматтық қақтығысқа қысқаша шолу жасалды. Британ империясының отаршылдық саясатының бір ерекшелігі олар жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігіне араласпады деген пікірлер бар екендігін білеміз. Алайда бұл қате пікір, сонау отаршылдық кезеңде негізі қаланып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өрбіген азамат соғысы дәлел. Биафрадағы азамат соғысы ХХ ғасырдағы Африкадағы ең ірі қақтығыстардың бірі, және ол түбегейлі шешілмегендігі айтылған. Нигериядағы этнос аралық қақтығыстар мәселесі тарихы терең және қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қазіргі таңдағы Нигерия бұл отаршылық саясат салдарынан пайда болған мемлекет деп айтуға болады. Нигерия территориясында әр түрлі тілде сөйлейтін әр түрлі дінді ұстанатын оншақты тайпалар тұрады. Отаршылдық әкімшілік ел басқаруда дәстүрлі «бөліп ал да билей бер» принципін ұстана отырып, ең ірі және ең мықты тайпаларға сүйене отырып басқарды. Ұзақ жылдар бойы азұлттар мүдделерін ескермеді, уақыттың өтуімен бұл этнос аралық қақтығыстарға алып келді.
