Қазақстандағы сөз бостандығы мәселелері

Авторлар

  • А. А. Daurenbekova
  • А. Darkenbaev

Кілт сөздер:

құқық, бұқаралық ақпарат құралдары, сөз еркіндігі, журналист, ақпарат тарату, ақпарат, заң,

Аңдатпа

Аталмыш мақалада Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сөз еркіндігі мәселесі қарастырылған. Ой еркіндігі және сөз бостандығына арналған халықаралық деңгейде қабылданған құжаттардың маңыздылығы қамтылған. Автор кейбір тәуелсіз ақпарат құралдарының жабылу себебін талқылауға баса назар аударған. Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз және шығармашылық еркіндігі және ақпаратты еркін алып, тарату құқығын жариялап отырғанда, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер баспа бетінде, теледидарда, радиода ой-пікір, көзқарас білдіру нәтижесінде қудалауға ұшырап жататындығын да талқылаған. Сонымен қатар, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның принциптерін ұстану мақсатында Азаматтық кодекстің, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телехабар тарату туралы», Интернет туралы Заңдарының нормаларына айтарлықтай өзгерістер енгізуі керектігі де айтылған.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений