Қазіргі Жапонияның сыртқы саясатындағы Таяу Шығыс аймағы

Авторлар

  • Р. О. Садықова

Кілт сөздер:

ішкі саясат, мұнай әлемі, экономикалық сала,

Аңдатпа

Мақала қазіргі уақытта Жапонияның сыртқы саясатында Таяу Шығыс аймағының қандай орын алатындығын анықтауға бағытталған.ХХ ғасырдың екінші жартысынан Жапония халықаралық қатынастар сахнасында беделді Азия-Тынық мұхиты аймағының ойыншысы ретінде әрі экономикалық тұрғыдан да дамыған мемлекет ретінде байқалды. Табиғи қорларының болмауына қарамастан, Жапонияның «қырғи-қабақ соғысы» жылдарында «экономикалық ғажайыптың» арқасында жоғарғы жетістіктерге жетуі Жапонияның сыртқы және ішкі саясатының өзіндік ерекшелігін байқатады.

Жапонияның Таяу Шығыс мемлекеттерімен қарым-қатынастары, әсіресе экономикалық салада,яғни энергетикалық қорлармен қамтамасыз етуде қарқынды дамуда. Жапонияның Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне жүгінсек, Жапонияға Таяу Шығыс немесе араб мемлекеттерінен келетін мұнай импортының көлемі 90%-ды құрап отыр. Араб мемлекеттерінің ішінде Жапония мұнайдың 25% импортымен қамтамасыз етуші Сауд Арабиясымен тұрақты қарым-қатынастарды орнатып, Сауд Арабиясы «қырғи-қабақ соғысы» жылдарынан бері алғашқы орындағы мұнай шикізатымен қамтамасыз етуші мемлекетке айналып отыр.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений