Қазіргі заманғы халықаралық-құқықтық контексте азия-тынық мұхиты әскери-саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде АНЗЮС қызметінің жай-күйі мен перспективалары

Авторлар

  • Y. Akhmetov

Кілт сөздер:

Азия-Тынық мұхиты аймағы, АНЗЮС, ядросыз аймақ, әскери-саяси қауіпсіздік, Раротонга келісім-шарты,

Аңдатпа

Аталмыш мақалада АНЗЮС құрылу, қалыптасу және жұмыс жасауының барлық негізгі кезеңдеріне кешенді қарау және талдау жүргізу негізінде қазіргі уақытқа дейін ұйымның әскери-саяси аясында қызметінің мазмұнына жинақталынған қорытынды жасалынған. Халықаралық-құқықтық контексте АНЗЮС әскери-саяси қызметіндегі Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде ядролық қарудан азат аймақ туралы келісім-шарттың (Раротонга келісім-шарты) рөлі қарастырылады. Мұнда оның даму болашағы АНЗЮСке екі мүше-мемлекеттің – Австралия және АҚШ ұстанымдары, осы мемлекеттердің мүдделеріне қайшы келетін, осындай мәртебесі бар ұйымға басқа мүше-мемлекет – Жаңа Зеландияның ресми ұстанымы қарастырылады. Сонымен қатар автор аймақтық қауіпсіздіктің әскери-саяси қырларының интеграциялық моделінің ары қарай дамуына кедергі жасайтын күрделі мәселелерді айқындаумен байланысты сұрақтарды қарастырады.

Жарияланды

2016-06-04

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений