«Интерұлттандырылған» қарулы қақтығыстарды заңды дәрежелеудің кейбір қырлары туралы мәселеге орай
Кілт сөздер:
қарулы қақтығыстар құқығы, «интерұлттандырылған» қарулы қақтығыстар, «аралас» қақтығыстар,Аңдатпа
Үшінші тараптардың халықаралық емес қарулы қақтығыстарға араласуы ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейінгі осы іспетті жергілікті қарулы қақтығыстардың ажырамас белгісі болып табылады. «Бөтен қолдар соғыстары» саясатын жүргізе отырып әлемдік державалар ішкі қарулы қақтығыстарға араласуы арқылы оларды интернационализацияландырды. Аталған жағдай соғыс кезінде азаматтық тұрғындарды қорғау туралы 1949 жылғы Женева конвенциялары аясында ұсынылатын қүқықтық дихотомия күйінде қалуы бүдан әрі мүмкін емес болмай отыр. Өйткені, бұл құжаттардың қабылданғаны бері қарулы қақтығыстардың сипаты үлкен өзгерістерге ұшырады. Сонымен қатар халықаралық құқықтың доктринасында қарулы қақтығыстардың бұдан бұрын беймәлім «трансшекаралық», «асимметриялық», «аралас», «интерұлттандырылған» т.б. секілді жаңа түрлері аталып көрсетіле бастады. Мақала қарулы қақтығыстардың сипатын өзгерістерге алып келетін және оның қарамағында жаңа қарулы қақтығыстардың түрі – «интерұлттандырылған» қарулы қақтығыс туралы айтуға негіз болып отырған кейбір жағдайларды шолуға арналған. Бұл тұрғыда жұмыста ішкі қарулы қақтығыстың интерұлттандырылуына әкеліп соқтыратын фактілік жағдайларға талдау жасалынады. Осы жағдайларды талдау нәтижесінде орын алып отырған халықаралық емес қарулы қақтығыстардың өзіндік ішкі тұрпатын жоғалтуы, сондай-ақ өз кезегінде халықаралық қарулы қақтығыстың деңгейіне әлі де болса жетпеуіне қатысты арнайы критерийлер дәйектеледіЖүктеулер
Жарияланды
2016-06-04
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
«Интерұлттандырылған» қарулы қақтығыстарды заңды дәрежелеудің кейбір қырлары туралы мәселеге орай. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 66(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/499
