Кедендік Одақ және Қазақстан мен Ресейдің экономикалық серіктестігінің мәселелері

Авторлар

  • D. S. Saparov
  • Е. S. Chukubaev

Кілт сөздер:

Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Кедендік одақ, экономикалық қатынастар, сауда, серіктестік,

Аңдатпа

Мемлекетаралық қарым-қатынастардың маңызды негізі олардың экономикасы болып табылады. Әлбетте, маңызды фактор Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерация арасында өзара сауда және қаржы ынтымақтастығы болып табылады. Кеңес Үкімет дәуірінен бері Қазақстан мен Ресей арасында ортақ халық шаруашылығы мен әскери-өнеркәсіп кешендері болды. Алайда, КСРО ыдырауынан кейін байланыстың маңызды бөлігі үзіліп, мемлекеттерді қайта ортақ экономикалық аясын жасауға мәжбүр етті. ТМД құруынан басқа, 1995 жылы мемлекеттер ортақ экономикалық аймағын құруға келісімге келді. Ұйымның алдағы әрекетсіздігіне қарамастан, 2010 жылдан бастап екі мемлекет аралығындағы экономикалық қарым-қатынастарын Ортақ Кедендік Одағының жұмысынан көруге болады. Қазіргі таңда ұйымның жалауының астында, 3 жылдық жұмыстың нәтежесін талдап, қазіргі ақпараттың негізі арқылы божам жасауға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-06-04

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений