БЭК шеңберінде Ресей мен Қазақстан Республикасының энергоресурстар саласындағы ынтымақтастығы
Кілт сөздер:
энергетика, Кеден Одағы, Еуразиялық экономикалық одақ, Бiрыңғай экономикалық кеңістік,Аңдатпа
Ресей және Қазақстан арасындағы энергетикалық ынтымақтастығы екi ел қызметтестігінің маңызды
бағыттарының бiрi болып табылады. Ресей және Қазақстан әлемдегі көмiрсутектердiң жетекші экспорттаушылары болғанымен, екi ел арасындағы ынтымақтастық жыл сайын ұлғаюда. Нәтижесінде бәскелес болуы ықтимал елдер посткенестік кеңістіктегі ең сәтті экономикалық ынтымақтастықтың бірін көрсетуде. Мақалада Ресей және Қазақстан Республикасы арасындағы энергетикалық ынтымақтастығының мәселелері мен келешегіне талдау жасау амалы ұсынылған. Осы жұмыста Ресей және Қазақстан арасындағы энергетикалық ресурстар саласында ынтымақтастық мәселелерін қорытындылауды мүмкін еткен жүйелік талдау, және де алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктеріне баға беру үшін болжамалы әдіс қолданылды
