ЕО-ның Орталық Азия үшін аймақтық Стратегиясының жүзеге асырылуының кейбір қорытындылары жөнінде (2007-2013 жж.)
Кілт сөздер:
ОА үшін ЕО Стратегиясы, ынтымақтастықты дамыту құралы (DCI), бастама бойынша диалог, саяси жəне экономикалық диалог,Аңдатпа
Еуропалық Кеңестің 2007 жылғы маусым айында қабылдаған ЕО Стратегиясы Еуропалық Одақтың
жалпы аймақпен жəне жекелей əр орталықазиялық мемлекеттермен өзара əрекеттесуінің бағыттары
мен механизмдерінің негізін қалады. 2013 жыл ресми «Еуропалық Одақ пен Орталық Азия: Жаңа серіктестіктің Стратегиясы» атауына ие Орталық Азиядағы ЕО Стратегиясының (2007-2013 жж.) жүзеге асырылуының соңғы кезеңі болды. Сонымен қатар дипломатиялық қатынастардың орнатылуы датасын 1993 жылдың 2 ақпаны деп қарастырып, 2013 жыл Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының 20 жылдық кезеңінің кейбір қорытындыларын жасаумен есте қалды. Еуропалық Одақтың ОА-да қызмет ету тəжірибесі, бағдарламалық қамтамасыз ету, жүзеге асыру құралдары, аймақта ЕО ілгері басуының формалары бар. Сонымен бірге біз ынтымақтастықтың даму жолдарын перспективаға, одан əрі жемісті ынтымақтастыққа бағыттап, ұғынамыз.
