Еуропалық одақтың жастар саясатын жүзеге асырудағы Еуропалық жастар форумының рөлі

Авторлар

  • B. Akzharova
  • К. Makasheva
  • S. Chuakayeva

Кілт сөздер:

Жастар қозғалысы, Еуропалық одақ, Еуропалық жастар форумы, ҮЕҰ,

Аңдатпа

Халықаралық қатынастардың қазіргі таңдағы жүйесінде мемлекеттік емес акторлар үлкен рөлге ие. Олардың арасында халықаралық үкіметтік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады. Сондай – ақ, олардың қатарына жастар қозғалыстарын да жатқызуға болады. Соңғы он жылдықта мемлекеттің саяси өміріне жастар көшбасшыларының белсене араласу қызығушылығы және жастар саясатының жүзеге асырылуына үкімет тарапынан қолдау көрсету жоғары дәрежеде дамуда. Қазіргі таңда мемлекеттің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде халықаралық жастар ұйымдарының маңызды әлеуетін ерекше сеніммен атап көрсетуге болады. Үкіметтік емес қозғалыстар Еуропалық одақта ерекше әрі тұрақты орынды иеленді, онда халықаралық жастар қозғалысының көшбасшылары әр түрлі мемлекеттік және консультативтік-кеңесші органдардың салалық коммисиялары мен сарапшылар топтарын құратын жұмыстарына белсенді қатысады.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-06-04

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений