Қазақстан пен Сингапур мемлекеттерініңарасындағы біріккен кәсіпорындар
Кілт сөздер:
біріккен кәсіпорындар, бәсекелестік, инвестициялар, жоғары технологиялық салдар, жаңартпалар, мұнай инфрақұрылымы,Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан – Сингапур біріккен кәсіпорындарының арасындағы тәжірибелер талданған, осы екі елдің арасындағы қарым-қатынастың жүзеге асуы формасы өзекті мәселе болып табылады. Авторлар мән-жайды талдай отырып, Қазақстан мен Сингапур арасындағы біріккен кәсіпорындардың отандық дайын өнімдерін әлемдік нарыққа шығаруы, сол сияқты Қазақстан мен Сигапур біріккен кәсіпорындарының өнімдерінен келіп түскен пайдалары анықталды. Бұл мақалада «Каз-СТ Бастау» және «Кеппел Казахстан», біріккен компанияларымен бірлесіп жүргізілген жобалары сәтті жүзеге асқандығына ерекше назар аударылды, онда Қазақстандағы негізгі қызмет көрсету, іс-әрекет бағыттары мен нәтижелерін қалыптастыру көптеген жылдарға созылды. Мақалада Қазақстан мен Син-
гапур мемлекеті арасындағы біріккен компаниялардың алдағы уақытта қалыптасуы және жүзеге асу жолдары анықталды. Біздің көз-қарасымыз бойынша, Сингапур мемлекетінің тәжірибесін қолдана отырып, оны бизнес аясына енгізіп және екі елдің, яғни Қазақстан мен Сингапур арасындағы компаниялар бірігіп, негізгі бағыты бойынша және мақсатты жұмыс жасау барысы қарастырылған.
