АҚШ-ның ҚХР-мен сауда-экономикалық саясатының кейбір аспектілері
Кілт сөздер:
АҚШ-ның сыртқы сауда теңгерімсіздігі, ҚХР мен АҚШ арасындағы Меморандум, Барак Обаманың Қытайға сапары,Аңдатпа
Қазіргі кезде ҚХР мен АҚШ қатынастарына әлемдік саясатта мән берілуде. 1971 жылы қарым қатынастардың қалпына келтіріле бастағаннан бері әртүрлі бірде әріптестікте, бірде бәсекелестікте болды, ал соңғы жылдары әлеуетті қарсыластың қатынастарына ауыса бастады. Әлемдік шаруашылық байланыстарының тұрақтылығы екі мемлекет арасындағы өзара ынтымақтастықтың нәтижелігі мен қазіргі экономикалық қарама-қайшылықтардың шешімін табуына тікелей тәуелді болып келеді. АҚШ мен ҚХР-ның өзара ынтымақтастығы– бұл тек халықаралық аренадағы күш ара қатынасы әр түрлі екі мемлекет қатынастары ғана емес, сонымен қатар қоршаған әлем мен өздері туралы түсініктері қарама-қайшы келетін қатынастар. АҚШ мен ҚХР-ның қатынастары – екі жақты диалог арқылы қазіргі мәселелерді талқыға түсіріп, шешімін табуға, оның ішінде сауда теңгерімсіздігінінің мүмкін себептері мен өзара тәуелділік сияқты мәселелерге бағытталған стратегиялық серіктестікке жатады.
