Қазақстан Республикасының сыртқы саясат концепциясы: АҚШ мемлекетімен ынтымақтастығы
Кілт сөздер:
концепция, көпбағытты сыртқы саясат, стратегиялық серіктестік, Қазақстан, АҚШ,Аңдатпа
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты концепциясы жарияланды, концепцияда басым бағыттар мен оны шешу жолдарының негізгі мақсаттары және міндеттері айқындалған. Жарияланған құжат академиялық сарапшылар ортасында қызу талқыланып жатқан сұрақтарға жауап береді. 2014-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты концепциясында мемлекеттік және аймақтық басымдықтар белгіленген. АҚШ мемлекетімен стратегиялық карым-қатынасын саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, ғылыми-техникалық және қоғамдық ынтымақтастық бағытын дамыту барысы, халықаралық қүн тәртібіндегі өзекті мәселелер шешімдері қарастырылған. АҚШ-тың геосаяси және экономикалық мүдделілігіне қарамастан, ортаазиялық стратегиясы әлі де айқындалмаған. Екі жақты тетіктерді жетілдіре отырып, жоғары деңгейдегі саяси диалог аймақтық диалог форматында 5+1 (Орталық Азия+ АҚШ) мемлекеттік хатшы және сыртқы істер министрлігі деңгейінде ынтымақтастық дамуын тереңдетуді көздейді.
