Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар – қылмыстық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі
Кілт сөздер:
балама жаза, жаза жүйесін жетілдіру, электрондық бақылау, медиация, айып,Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша жаза жүйесін жетілдірудің мәселелері қарастырылады. Мақаланың авторлары талдаудың нәтижесінде жаза жүйесін жетілдіру мақсатында қылмыстық заңда сотталушыны қоғамнан оқшаулауды талап етпейтін жазаны қарқынды қадағалаумен ауыстыру, электрондық бақылау және қазақ дәстүрлі құқығында болған айып жазасын қарастыру керек деген шешімге келеді. Келтірілген ұсыныстардың негізділігін қамтамасыз ету үшін «айып» және «медиация» институттарының арақатынасы қарастырылады және оларды ажырататын белгілер анықталады: біріншіден, «медиация» жаза болып табылмайды, ал «айып» жаза болып танылады екіншіден, «медиация» медиатормен қолданылады, «айып» сот арқылы тағайындалады үшіншіден, «медиация» кезінде тараптар ерікті түрде медиаторға барады және оның шешіміне келіседі, ал «айып» бойынша кінәлі адам айып түрінде тағайындалған соманы жәбірленушіге төлеуге міндеттенеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Бас бостандығынан айыру жазасына балама шаралар – қылмыстық құқықтың өзекті мәселелерінің бірі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/47
