Үндістан және Оңтүстік Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселесі

Авторлар

  • G. Baikushikova
  • А. Mekembayeva

Кілт сөздер:

Үндістан, Оңтүстік Азия, ұлттық мүдделер, АСЕАН-ның аймақтағы рөлі,

Аңдатпа

Бұл мақалада Оңтүстік Азия аймағындағы және Үндістанның қауіпсіздік мәселелері қарастырылады.
Оңтүстік-Азия субаймағындағы мемлекеттер арасындағы Үндістанның географиялық, демографиялық
және экономикалық көрсеткіштері бойынша көшбасшылық жағдайы оның белсенді аймақтық саясатымен айқындалады. Оңтүстік Азиядағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесіндегі Үндістанның ұстанымы кешенді аймақтық қауіпсіздік үшін маңызы зор болып табылады.
Бір жағынан қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Оңтүстік Азияның геосаяси және экономикалық маңызының артуы, екінші жағынан Оңтүстік Азиядағы аймақтық мүдделер мен Үндістанның ұлттық мүдделерінің тығыз ара-қатынасы осы мақаланың өзектілігін айқындайды. Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Үндістанның саясаты аталмыш мақаланың пәні болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-06-04

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений