Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде жаңа орталық күш факторы ретіндегі БРИКС рөлі
Кілт сөздер:
БРИКС, актор, саммит, күн тәртібі, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық, БРИКС ұйымының институттандырылуы,Аңдатпа
Ұсынылған мақалада қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде БРИКС қызметінің күшеюіне негіздеме беру талпынысы жасалады. Мақалада жаһандану мәселелері аясында БРИКС елдері қызметінің негізгі бағыттарына талдау жасалады. Экономика және саясат әділетті халықаралық жүйесін қалыптастырудағы БРИКС әсерінің негізгі факторлары анықталды.
Бұл блоктың күшею алғышарттарына сол елдердің ұқсас даму жолдары, өзара қарқын сауда қатынастары және ғаламдық мәселелерді шешудегі ұқсас әдістері жатады. Дегенмен, кейбір халықаралық мәселелерді қабылдауда, олардың шешу жолдарын іздестіруде өзара қайшылықтары да бар. БРИКС ұйымындағы мәселелер анықталды және даму мүмкіндіктері белгіленді.
