БҰҰ жəне аймақтық ұйымдардың бітімгершілік саласындағы ықпалдастығы (НАТО мысалында)
Кілт сөздер:
Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, бітімгершілік, өзара əрекеттесу, дағдарыстарды реттеу,Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар халықаралық дағдарыстарды реттеу институтының өзгерістерге ұшырауы ая-
сында дамып отырған бітімгершілік саласында БҰҰ мен НАТО-ның өзара əрекеттесуі мəселесін талдау
мақсатын қойған. Мақалада əмбебап халықаралық ұйым БҰҰ-ның бітімгершілік саласындағы қызметіне
тарихи шолу қарастырылып, ұйымның бітімгерлік қызметінің НАТО сияқты аймақтық ұйымдармен
ықпалдастығына сараптама жасалған. Солтүстік Атлант шарты ұйымының өзгеру үдерістері аясында
қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету саласында қандай жаңа қадамдар белгіленгендігі айқындалды. НАТО-ның қазіргі заманғы өзгерістерге ықпал ететін нысаналы бағдарлары, құрылу үдерісінің инновациялары көрсетілді. НАТО-ның бітімгершілік саласына байланысты көзқарасы мен қызметі талданды
