Қазіргі кезеңдегі қазақ-түрік ынтымақтастығы: өзекті мəселелері мен басым бағыттары
Кілт сөздер:
экономика, саясат, əріптес, инвестиция, стратегия,Аңдатпа
Бұл мақалада, негізінен, Қазақстан мен Түркия арасындағы серіктестік мəселесі қаралып, осы орайда
қазіргі таңдағы екі мемлекет арасындағы басым бағыттар мен өзекті мəселелер сипатталған. Қазақстанмен тарихи байланысы тереңде жатқан Түркия бүгінде еліміздің Еу¬разия құрлығындағы маңызды əрі сенім¬ді əріптесі болып табылатындығы дəйектеледі. Осы себептен де мақалада негізінен қазақ-түрік қатынасындағы қарқынды дамып келе жатқан салалардағы ынтымақтастықтың даму деңгейі мен болашағына жан- жақты сараптама жасалынған. Сонымен қатар мақалада екіжақты инвестиция салу мəселесін жетілдіру қажеттілігі де қарастырылады. Мақаланың соңында қазақ-түрік қарым-қатынасының келешегіне деген болжау жасалынып, Қазақстан жəне Түркия арасындағы тарихи тамырластық, ортақ мəдени жəне рухани құндылықтар екі ел қатынастарының негізі болып қала бермек деген ой тұжырымдалған.
