Ресурс ұлтшылдығы саясатына бетбұрыс жасаған мемлекеттердің өзара ықпалы
Кілт сөздер:
ресурс ұлтшылдығы, саяси тұрақтылық, режимнің ауысуы, саяси идеология, ОПЕК,Аңдатпа
Осы мақалада ресурс ұлтшылдығы саясатын жүзеге асырған мұнай өндіруші елдерді қарастырады: Иран, Ирак, Ливия, Мексика, Венесуэла жəне Сауд Арабиясы сияқты елдер болып табылады. Осы елдер əртүрлі себептерге байланысты ресурс ұлтшылдығы саясатын жүзеге асырып қоймай, сондай-ақ одан тыс факторларды қарастырды. Мақала үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім Венесуэла мысалын қарастыра отырып, ресурс ұлтшылдығы саясатының экономикалық əсерін сараптайды, сондай-ақ мұнай бағасының өсуі мен ресурс ұлтшылдық саясатын қолдану аясын талқылайды жəне де мұнай шығарушы ел ретіндегі мұнайдың стратегиялық ресурс көзі ретінде қарастырады. Екінші бөлім ОПЕК елдерінің ресурс ұлтшылдық саясатын жүзеге асырудың өзара ықпалын қарастырады. Үшінші бөлім саяси факторларды қарастыра отырып, елдегі саяси режимнің ауысуы жəне саяси идеологияның ықпалын қарастырады, яғни бұл үрдіс елдегі шет ел компанияларына əсер етіп толықтай ұлттандыруға дейін баратыны сөзсіз (Венесуэла 1976 ж., Иран 1979 ж.).
