Кәсіби тілді оқытуда ұлттық сөз саптау ерекшелігін меңгерту жолдары
Кілт сөздер:
кәсіби тіл, сұрақ түрлері, мәтін арқылы меңгерту,Аңдатпа
Мақалада тіл үйретудің жаңа инновациялық тәсілдері туралы сөз болады. Грамматиканы үйретудің дәстүрлі әдісінің ескіргені, ол тәсілдің тіл үйретуде тиімсіз екені көрсетілген. Тілді грамматиканы жаттату арқылы емес, грамматикалық амал-тәсілдерді мәтінмен жұмыс істеу арқылы меңгерту жолдары көрсетілген. Өзге тілдік топтарда кәсіби лексиканы меңгертуде мәтінмен жұмыс түрлерін, сұрақ-жауаптәсілдерін және дайын үлгілерді пайдалану жақсы нәтиже беретіні айтылады. Тіл үйретуде күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерді меңгерту керек екендігі ашып көрсетілген. Әр тілдің өзіне тән синтаксистік оралымын, сөз саптау ерекшелігін меңгерген маман ғана өзінің кәсібі бойынша дұрыс сөйлей алатыны, ойындұрыс, түсінікті етіп жеткізетіні дәлелді түрде көрсетілген. Тіл үйренушіге қажетті сұрақ түрлері, оларды қандай жағдайда қолдану керек екендігі сипатталған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кәсіби тілді оқытуда ұлттық сөз саптау ерекшелігін меңгерту жолдары. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/444
