Еуропалық Одақ және Орталық Азия: «Оңтүстік дәліз» мысалындағы тиімді энергетикалық ынтымақтастық
Кілт сөздер:
«Оңтүстік дәліз», көміртегі, энергияның қайта қалпына келетін көздері, табиғи газ, Еуропалық Комиссия, TAP, TANAP, энергетикалық саясат, энерготасымалдаушыларды жеткізу, энергоресурстарды экспорттау, Энергетикалық хартия келісімшарты,Аңдатпа
«Оңтүстік дәліз» жобасының стратегиялық маңызы және жаһандық энергетикалық қауіпсіздік жүйесіндегі маңызы мен рөлі аталып көрсетіледі. Еуропалық Одақтың энергожеткізілімдерді әртараптандыруға байланысты саясаты және осыған байланысты жобаны қолдауы белгіленеді. Келешекте бұл дәліз арқылы Таяу Шығыстан да табиғи байлықтарды тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады. Табиғи газдың көміртексіз электрэнергетикасына өтудегі резервтік отын ретінде қарастырылуы қозғалады. Еуропалық Комиссияның «Оңтүстік дәліз» жобасына қатысты берген бағасы мақалада көрсетілген. Еуропалық Одаққа мүше елдердің энергетикалық саясаты да аталады. Дәліз жобасына енетін газ құбырларының маршруттарына да мән беріліп, қатысушы елдердің компанияларының пайыздық үлесі де аталып көрсетіледі. Орталық Азияның мұнайы Еуропалық Одаққа энерготасымалдаушыларды жеткізуде әртараптандырудың шынайы нұсқасына айналып отырғаны да мақалада белгіленіп көрсетілді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Еуропалық Одақ және Орталық Азия: «Оңтүстік дәліз» мысалындағы тиімді энергетикалық ынтымақтастық. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/419
