Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі аясындағы Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы
Кілт сөздер:
Қазақстан Республикасы, Қытай, «Нұрлы жол», «Жібек жолының экономикалық белдеуі», «Бір белдеу, бір жол», ынтымақтастық,Аңдатпа
Қытай – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың жаңа кезеңі екіжақты әрекеттесудің барлық салаларындағы жаңа жобалармен толыға түсуінде. Бұған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бастамасын және ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» және «ХХІ ғасырдағы Теңіз Жібек жолы» атты екі стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру да өз септігін тигізеді. Транспорт пен логистика Жібек жолы экономикалық белдеуінің негізгі құрамдас бөлігі болмақ. Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанға өз табысының көздерін елеулі әртараптандыруға және мұнайдың әлемдік бағаларының толқуына тәуелділікті төмендетуге, ал Қытайға өз тауарларын Қазақстан, Ресей және Еуропаға тасымалдауды жолға қоюға мүмкіндік береді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жаңа Жібек жолы экономикалық белдеуі аясындағы Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 73(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/415
