Әлемдік классика негізгі капиталға инвестициялау туралы
Кілт сөздер:
негізгі капитал, табыс, шекті тиімділік, инвестиция, пайыз нормасы,Аңдатпа
Мақалада ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы экономикалық теория классиктері Дж. Кейнс, Р.Ф. Харрод, Д.Р. Хикс, Дж. Робинсон және басқаларының идеялары мен тұжырымдарынан келіп шығатын капиталға инвестициялау мәселелері қарастырылады.Классикалық мектеп экономикасы жиынтық сұраныс – өндірістің ақшалай құны экономиканы толық жұмысбастылық деңгейінде ұстай отырып, күтілетін пайдалы сатуларды төмендетуге жылдам әрі икемді бейімделеді деп тұжырымдайды. Дж. М. Кейнс аталған тұжырымды абсолютті шындық деп мойындаудан бас тартты және оның Сэй заңынан бас тартуының мәні осында. Кейнс көрсеткендей, шығындар табыстарға тең, басқаша айтқанда жинақтаулар инвестицияларға тең дегеніміз экономикалық ресурстар өзінің толық қолданысын табуы үшін шығындар әрқашан жеткілікті дегенді білдірмейді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Әлемдік классика негізгі капиталға инвестициялау туралы. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 69(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/41
