Меншікке қарсы қылмыстардың XXI ғасырдағы құқықтық жағдайының қарқынды дамуы

Авторлар

  • А. B. Badanova І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.
  • B. А. Seriev І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы, Талдықорған қ.

Кілт сөздер:

меншік, пайдакүнемдік, меншікке қарсы тонау, қылмыс, ұрлық, криминология,

Аңдатпа

Бұл мақаланың басты мақсаты қазіргі уақыттағы қоғамдық қатынастардағы құқық бұзушылықтың, жалпы оның ішіндегі меншікке қарсы қылмыстарды айқара ашып көрсету. Әрбір тәуелсіздігі бар мемлекет өзінің алдына қойылған мақсаты ол, құқық бұзу шараларымен толық қанды күрес жүргізу қағидасымен қамтылған. Сондықтан бұл мақалада меншікке қарсы қылмыстардың дәл уақыттағы дамуын,сонымен қатар, мемлекетке бұл қылмыстардың экономикалық жағдайына әсер етуіне ықпалын тигізуі жайлы айтылған. Қазақстан Республикасының басқа да шет мемлекет арасындағы құқықтық қатынастарды орнатудағы меншікке және жеке мүлікке деген қылмыстардың қадағалануы, сондай-ақ ол қылмыстарды болдыртпау салдарын қарастырдық. Меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстардың тобына қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу, сондай-ақ автокөлікті немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, мақсатсыз, заңсыз иелену кіреді. Пайдакүнемдік мақсатынсыз жасалған меншікке карсы қылмыстарға мыналар жатқызылады: жерге қатысты мүліктік құқықтарды бұзу, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Современные проблемы внешней политики и международных отношений