Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы Президенттерінің сыртқы саяси өкілеттіктерін конституциялық реттеу: салыстырмалы-құқықтық талдау
Кілт сөздер:
Қазақстан, Франция, АҚШ, конституция, билік, президент, сыртқы саясат, өкілеттіктер, қорғаныс қабілеті, мемлекет қауіпсіздігі, халықаралық келісім-шарт, дипломатия, өкілдік,Аңдатпа
Мақалада екі мемлекеттің конституциялық реттеуінің пәні болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы Президенттерінің сыртқы саяси өкілеттіктеріне салыстырмалы талдау көрсетілген. Осыған орай автор, екі елдің конституцияларында белгіленген мемлекет басшыларының сыртқы саясатты қалыптастыруға, халықаралық аренада елдің мүддесін білдіру құқығы, келіссөздерді жүргізу және халықаралық келісім-шарттарды жасасу секілді өкілеттіктеріне тоқталады. Мақалада салыстырмалы аспектіде мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «әлеуетті» деп аталатын өкілеттіктері қарастырылған. Мемлекет басшыларының сыртқысаяси саладағы ұстанымдарының «индикаторы» болып табылатын, елшілер мен мемлекеттің шет елдегі басқа да өкілетті өкілдерін тағайындау құқығы, өз жанында шетелдік дипломатиялық өкілдерді аккредитациялауға байланысты өкілеттіктері, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды орнату және тағы басқа өкілеттіктері айқындалған.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы Президенттерінің сыртқы саяси өкілеттіктерін конституциялық реттеу: салыстырмалы-құқықтық талдау. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 72(4). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/378
