Қазақстан-Британ экономикалық ынтымақтастығының кейбір астарлары
Кілт сөздер:
көпвекторлылық, еуропалық вектор, сауда-экономикалық ынтымақтастық, тікелей инвестиция, қаржылық сектор, бірлескен кәсіпорындар,Аңдатпа
Көпвекторлы сыртқы саясат тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы еуропалық векторға үлкен назар және мән беріп келді. Ең әуелгі кезден бастап-ақ Қазақстанның Еуропадағы серіктестерінің бірі Ұлыбритания болды. Тәуелсіздік таңында бұрынғы кеңес республикасына ең бірінші болып сапар шеккен шетелдік мемлекет басшысы дәл осы Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет Тэтчер еді. Қазіргі кезде Ұлыбритания әлемдегі «триллиондық» деп аталатын экономикалар тізіміне кіреді, Қазақстан аумағындағы жобаларға тікелей инвестиция салу көлемі жөнінен үшінші орында тұр. ҰлыбританияныңҚазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммел мырзаның айтуынша: «27 Еуропалық Одақ елдерінің ішінде дәл Ұлыбритания Қазақстан үшін нөмірі бірінші сауда-экономикалық серіктес болып табылады. Біз бұл экономикалық ынтымақтастықтың деңгейінкөрсететіндей бұдан да толыққанды қатынас құруымыз қажет». Екіжақты қарым-қатынастың негізін мұнай, газ және қаржылық сектордағы ынтымақтастық құрайды. Қазақстан экономикасындағы британ инвестициясының көлемі өсіп келеді, Лондон биржасына акцияларын шығарып келе жатқан қазақстандық фирмалардың саны артып келеді. Қазақ-Британ қарым-қатынастарындағы басым бағыт – экономика және сауда саласындағы ынтымақтастық. ҚР мен Ұлыбританияның сауда-экономикалық байланысы өзара байланыстардың кең спектрін қамтиды, соның ішінде тікелей және жанама инвестициялар, бірлескен кәсіпорындар құру және бірлескен ортақ жобаларды жүзеге асыру.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Қазақстан-Британ экономикалық ынтымақтастығының кейбір астарлары. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 72(4). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/359
