Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері
Кілт сөздер:
азық-түлік, қауіпсіздік, жаһандық мәселе, ресурс, агроөнеркәсіптік кешен,Аңдатпа
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары ғылыми айналымға енгізілген «жаһандық мәселелер» түсінігі әрбір адам мен тұтас адамзатқа қатысты мәселе ретінде анықталады. Аталған мақалада жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенінің нақты мысалдарымен қарастырылады. Азық-түлік қауіпсіздігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ретінде азық-түліктің жан басына шаққандағы өндірісі мен тұтынылуы, азық-түлік импортының құрылымы мен импорттық азық-түліктің жан басына шаққандағы тұтынылуы, сондай-ақ республика тұрғындарының азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыздану деңгейі алынған. Азық-түлік қауіпсіздігін орнықтыру мәселесінің негізгі қиыншылықтары оларды шешуге аса зор қосымша шығындар қажеттілігімен байланысты болып отыр. Ал мұның өзі рыноктық қатынастар жағдайындағы бәсекелестік шығындарды кеміту арқылы максималды пайда алу заңдарымен үйлеспейді. Олай болса, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі экономикалық және әлеуметтік мүдделер қайшылықтарын шешу жаһандық проблемаларды еңсерудің мән-мазмұнын құрайды.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 71(3). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/351
