Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің мəні мен рөлі
Кілт сөздер:
Иран, МАГАТЭ, ядролық бағдарлама, уранды байыту, атом энергиясы, «алтылық» өкілдері, жаңа санкциялар, ядролық жанармай, ұлттық қауіпсіздікАңдатпа
Бұл мақалада Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алматылық келіссөздер сарапталады. Со- нымен бірге қазіргі кезеңдегі Иранның ядролық саласына əлемдік қауымдастық тарапынан қалай назар аударылатындығы мен Иранның уранды байыту жөніндегі өндірістік қуаттылығына деген МАГАТЭ көзқарасы қарастырылады. Мақалада, сондай-ақ осы елге қатысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған бірқатар қарарлары да, яғни ядролық қаруды құру мақсаты үшін пайдалануы мүмкін болатын уранды байыту бойынша өндірістік қуаттылықты арттыруға байланысты бағдарламаны жүзеге асыруды тоқтатуға шақыруы да аталып өтіледі. «Алтылық» пен Иран арасындағы келіссөздерге қатысты кейбір мемлекеттердің ұстанымы да баян- далады. Иран өз кезегінде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талаптарын орындамауына қыр көрсету мақсатында кең көлемдегі өндірістік нысандарында уранды байыту бойынша жəне басқа да ядролық жанармайдың қуаттылығын арттыруға бағытталған жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда. Ирандық тарап мұны тек қана бейбіт мақсатқа арналған деп дəйектеуде.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздердің мəні мен рөлі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 62(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/327
