Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеті (ШЫҰУ) халықаралық білім берудің жаңа моделі
Кілт сөздер:
адами капитал, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеті (ШЫҰУ), білім беру саласы, халықаралық ынтымақтастық, бəсекеге қабілеттілік, интеграциялық үрдіс, экология, энергетика, IT- технология, аймақтану, нанотехнологияАңдатпа
Бəсекеге қабілеттіліктің басты көрсеткіші халық өмірінің жоғарғы деңгейі мен сапасы. Білім берудің деңгейіне, адами капиталды дамытуға, атқарушылық сапасына айрықша орын беріледі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы Орталық Азия елдеріне өзара тиімді қатынастар үрдісі мен интеграциялық байланыстарға тек қауіпсіздік жəне трансшекаралық байланыстар тұрғысынан ғана емес, білім беру саласы мен социо-мəдени жобалар тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді. ШЫҰ-ға мүше елдері арасындағы білім беру саласындағы үйлестіру мəселесі айрықша мəнге ие болуда. ШЫҰ университеті – елдердің негізгі базалық жоғары оқу орындарының жүйесі. Бұл дайындықтың бес бағыты экология, энергетика, IT-технология, аймақтану жəне на- нотехнологиялар бойынша жұмыс істейтін 62 жоғары оқу орны. ШЫҰ университетінен білім алу сызбанұсқаға сəйкес, ШЫҰ университетінің бағдарламасы бойынша оқитын студенттің өз білімін кез келген семестрден аталмыш бағдарламаны жүзеге асырушы негізгі шетелдік университетте жалғастыруға мүмкіндігі бар. Осы- лайша, ШЫҰ университетінің халықаралық бағдарламалары аясында елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастығы шынайы түрде кеңейеді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Современные проблемы внешней политики и международных отношений
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының университеті (ШЫҰУ) халықаралық білім берудің жаңа моделі. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 62(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/324
