Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) «əскери-саяси өлшемі»
Кілт сөздер:
АӨСШК, əскери-саяси өлшем, АӨСШК сенім шаралары тізімдемесі, мүше-мемлекеттер, Сыртқы істер министрлер кездесуі, ұжымдық шара, қауіп-қатерлерАңдатпа
Мақала Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Алматыда 2004 жылғы 22 қазанда өткен мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің екінші кездесуде Кеңес аясында сенім ша- раларын жүзеге асыру принциптерін бекіткен АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесі (Каталог) қабылдаған əскери- саяси өлшеміне арналған. Бұл жас ұйымның шеңберінде: 2004 жылдың 22 қазанында қабылданған Сенім шара- лары тізімдемесіне (Каталог), АӨСШК Төртінші Сыртқы істер министрлері кездесуі қорытындысы бойынша қабылданған Декларациясына, АӨСШК Үшінші министрлік кездесудің Қорытындысы жəне «АӨСШК: Азиядағы қауіпсіздік архитектурасын құру идеясын жүзеге асыру» атты ғылыми-тəжірибелік конференциясының Есебі сынды құжаттарға сараптамажасалынды. АӨСШКмүше-мемлекеттердің қауіпсіздік саласымен əскери-саяси өлшемдегі əрі қарай дамуындағы ынтымақтастығын айта келе, автор келешекте əскери-саяси өлшем Сенім шаралар тізімдемесінің маңызды бағыттарының біріне айналуы үшін тəжірибелік жұмыстар атқаруы тиіс деген қорытындыға келді.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) «əскери-саяси өлшемі». (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 62(2). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/304










