Кэмп-Дэвид келісімінің Сауд Арабия мен Египеттің қарым-қатынасына тигізген əсері
Кілт сөздер:
Таяу Шығыс жанжалы, Кэмп-Дэвид үдерісі, Египет пен Сауд Арабияның қарым- қатынасы, араб-израиль соғысы, саяси оқшаулану, Египет-Израиль бейбіт келісіміАңдатпа
Таяу Шығыс мəселесі осы күнге шейін өз шешімін таппау үстінде, сондықтан мақала мəселеге та- рихи тұрғыда талдау жасайды. Мақалада кэмп-дэвидтік келісім кезіндегі Египет пен Сауд Арабия қарым-қатынасының басты көрінісі талданды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары аралығындағы екі ел арасындағы қатынастың нашарлау мəселесі ашылып, Кэмп-Дэвид үдерісінің нəтижесі жəне сол кездесудің негізінде Вашингтонда 1979 жылы 26 наурызда Египет пен Израиль арасында жасалған бейбіт келісім туралы айтылады. Сондай-ақ аталмыш келісімнің Таяу Шығыстағы халықаралық жағдайға берген əсері мен барша араб əлемінің Египетке деген қатынасы баяндалады.Жүктеулер
Журналдың саны
Бөлім
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастардың қазіргі мәселелері
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Кэмп-Дэвид келісімінің Сауд Арабия мен Египеттің қарым-қатынасына тигізген əсері. (2016). Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы, 61(1). https://bulletin-ir-law.kaznu.kz/index.php/1-mo/article/view/260










